19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Әлеуметтік желіде Түркістан облысында алып қашқан қыз баланың өз еркімен келгендігі жайлы қолхат жазып отырғанының видеосы таралды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысындағы Жетісай қаласында қыздар ұрлығы жаңа деңгейге шыққан. Енді жігіттің туыстары қызға өз еркімен келгендігі, ешкімге ешқандай шағымы жоқ екендігі туралы қолхат жазғызып алатын болған, - делінген желіде тараған видеоның жазбасында.
Оқи отырыңыз:
Қолданушылар бұл видеоға қатысты түрлі пікір жазып жатыр. Біреулер бұл ертеден келе жатқан дәстүр десе, екінші тарап бойжеткен «құлдыққа келіскені жайлы қол қойып жатыр, бассыздық» деген.
Бұл жайтқа қатысты Полиция департаменті пікір білдірді. Түркістан облысы ПД видеоға қатысты тексеру жүргізіп, 20 жастағы қыз баланың 24 жастағы Асықата тұрғынына өз еркімен тұрмысқа шыққанын мәлімдеді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары