20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысының полицейлері “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” бағдарламасымен құжатсыз көлік тізгіндеген 215 жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Өткен жылдың мамыр айынан бастап облысымызда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” бағдарламасы іске қосылды.
Түркістан қаласындағы 69 және республикалық маңызы бар жолдарға орнатылған 18 зияткерлік жүйеден ақпарат келіп түссе, бұл жаңа бағдарлама осындағы полиция қызметкерлерінің қызметтік планшеттеріне енгізілген. Жедел басқару орталығымен қолданысқа жаңадан енгізілген бағдарламасының мүмкіндіктері пайдаланып, айыппұлдары төленбеген автокөліктер тоқтатылып, тексерілді. Осы ретте Түркістан облысының полицейлері бірталай құқық бұзушылықтарды анықтап, тиісті жауапкершілікке тартты.
Мәселен, 2022 жылы Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығы қызметкерлері мен патрульдік полиция қызметкерлері бірлесіп, жол жүру ережесін бұзған 1913 автокөлікті айыптұраққа қойған. Оның ішінде жалған мемлекеттік белгі қолданудың 22 жайты, құжатсыз көлік тізгіндеудің 215 дерегі анықталған.
Мәселен, планшетке Hyundai Tucson көлікке төленбей жүрген айыппұлдары бары жөнінде белгі берілген. Дабыл түскен бойда полицейлер аталған көлікті тексеру мақсатында тоқтатып, құжаттарын қарайды. Нәтижесінде жүргізушінің жылдамдықты арттыру салдарынан 1,4 млн теңгеден астам айыппұл бойынша берешегі бар болып шықты.
Полицейлермен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, көлік иесі барлық айыппұлдарын төлеген. Бұл бағыттағы жұмыстар тәртіп сақшылары тарапынан жалғаса бермек.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?