Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістан облысында прокурорлар мемлекет меншігіне мүлікті қайтарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, «Қазсушар» Түркістан филиалы 26.06.2023ж. №1 шартпен ұзындығы 13,9 км, құны 13 млрд теңге болатын «Тәуелсіздікке 20 жыл» атындағы су жинау арнасын «СК Парасат» ЖШС-не өтеусіз берген.
Прокурорлардың араласуына аталған каналдан ағын су алатын Жетісай және Мақтаарал аудандары кәсіпкер-шаруа қожалықтарының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы негіз болды. Сонымен қатар жаңа меншік иесі осы каналды дұрыс пайдаланбай, каналды тазарту жұмыстарын жүргізбеу салдарынан, бөгетті нығайтатын құм шығарылып, нәтижесінде оның беріктігіне нұқсан келген, - делінген мәліметте.
Осыған байланысты прокуратураның қадағалау актісі негізінде мүлік тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және дұрыс пайдалану үшін мемлекет меншігіне қайтарылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді