20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысында полиция қызметкерлері жол бойында жолаушыдан 2 келі есірткі тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткіні заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін 42 жастағы күдіктіні ұстады.
Оқиға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолындағы «Сауран» бекетінің жанында тіркелді. Полиция қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде жолаушының қол жүгінен есірткіге ұқсас зат салынған үш полиэтилен пакет тапты. Сараптама нәтижесінде алынған заттың салмағы шамамен 2 келі болатын кептірілген марихуана екені анықталды.
Қазіргі таңда осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті – Қызылорда облысының тұрғыны қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?