Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркістан облысында полицейлер толғағы қысқан әйелді жедел перзентханаға жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы — Ташкент — Термез тасжолында қызметке түскен облыстық полиция батальонының қызметкерлері Мақсат Шорманов пен Бақыт Оразбаевтан Шымкент бағытына қарай бет алған Lada автокөлігінің жүргізушісі көмек сұраған. Жетісайлық тұрғынның айтуынша, көліктегі жүкті келіншегінің жағдайы ауыр болған. Полицейлер бірден көмек қолын созды.
Осылайша, тәртіп сақшылары жұбайының толғағы қысып, перзентханаға асығып бара жатқан ер адамның көлігін ілесіп жүру арқылы жылдам әрі кедергісіз перзентханаға жеткізді. Ер азамат полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты, - делінген мәліметте.
Әйел аман-есен босанып, қыз баланы дүниеге алып келді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі