20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысында полицейлер 10 млн теңге қарызы бар борышкерді анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысының патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне 10 млн теңге қарызы бар Toyota Corolla автокөлігі бойынша дабыл түсті. Полиция “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасы арқылы анықтаған көлікті Сайрам – Ақсукент тас жолы бойында тоқтатты. Белгілі болғандай, көлікті сақтандыру полисі бойынша әйел басқарған. Тексеру кезінде көлік оның күйеуінің атында екені белгілі болды. Ер адамның банкке несие бойынша қомақты қарызы бар болып шықты. Ол мамыр айынан бері қарызын төлемей жүргендіктен, полицияға сот орындаушысынан қаулы келіп түскен.
Мәліметтер базасын тексеру кезінде бұл көліктің 10 миллион теңге қарызы бар екені анықталды. Көлікті арнайы айыптұраққа орналастырдық. Қарызының өтелуі бойынша сот орындаушының рұқсаты келмейінше көлік сол жерде тұрады, – деді облыстық патрульдік полиция батальонының командирі Алмас Мырзахметов.
Полиция облыс тұрғындарына қандай да бір төленуі тиіс берешегі болса, уақытылы өтеуге шақырады. Сондай-ақ кез келген құқық бұзушылық үшін заң аясында шара көрілетінін хабарлайды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?