Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркістан облысының өрт сөндірушілері өрттен 50 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп харлайды El.kz ақпараттық агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 1 сәуірде сағат 22.00-де 101 пультіне Кентау қаласындағы 3 қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Өрттің ауданы 4 шаршы метрді құрады.
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен жеке құрамынан 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіру және адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау жұмыстарымен айналысты.
Оқиға орнынан 50 адам, оның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Өрт сағат 22.11-де оқшауланып, сағат 22.30-да сөндірілді.
Зардап шеккендер тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталуда.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер