Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрТүркістан облысында боранды күні мыңнан астам жолаушы қауіпсіз жерге орналастырылды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күні кеше Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, қатты желдің әсерінен Бәйдібек, Қазығұрт, Кентау, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандары арқылы өтетін республикалық, облыстық, ауданаралық маңызы бар жолдар жабылды.
Жабылған жолдар бойынша 11 учаскеде Түркістан облысының полицейлері қызмет етті. Аталған учаскелерде қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге полиция қызметкерлерінің 41 техникасы, ал басқа да құзырлы мекемелерден жолдарды тазартуға жалпы 73 арнайы техника жұмылдырылды.
Полиция, Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті әкімдіктермен бірлесіп 114 автокөлікте болған 261 адамды қауіпсіз жерге жеткізді. Ал Алматы бағытына қарай жол тартқан 594 автокөлік учаскелерде тұрақтады. Оның ішінде 325-і үлкен салмақты жүк көлігі (фура), 37-сі Газель жүк көлігі, 70-і жолаушылар автобусы, 50-і жолаушылар микроавтобусы, 112-сі – жеңіл автокөлік. Ондағы 800 адам мешіттерге, 400 адам жақын маңдағы қауіпсіз орындарға орналастырылды.
Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова