10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістан облысының Мақтаарал ауданы бойынша аудандық білім бөлімінің есепшісі Экономикалық тергеу департаментінің тексеруінен кейін өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 25 қаңтар күні болған. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растап отыр. Мақтаарал аудандық полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының бірінші бөлігі «Өзін өлтіруге итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
Түркістан облысының білім басқармасы іс жүзінде тексеру жүргізді. Экономикалық тергеу департаменті Мақтаарал ауданына қарасты аудандық білім бөлімінің есепшілеріне шынымен де бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп жауап берді. Әзірше қандай сомалар туралы айтып отырғаны белгісіз.
Қазір Экономикалық тергеу бөлiмi Мақтаарал аудандық бiлiм бiлiмiнiң есепшiлiктерiне қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнiң 189-баба 4-бөлiгi 2 -тармағындағы «Мемлекеттiк бюджеттен қаражат жымқыру» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексі 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды, - деп жазылған Түркістан облыстық Экономикалық тергеу департаменті таратқан хабарламада.
Сонымен қатар Түркістан облысы Жетісай ауданындағы білім саласының есепшілері 530 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді