20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысында кішкентай бала өзенге батып кетті, деп хабарлайды El.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
4 наурыз күні сағат 18-00-де Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округінің Жоғарғы Боралдай ауылының жергілікті тұрғындары 2020 жылы туылған баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерде) судан алып шыққаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурыз күні күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылы туылған бала суға түсуге жабдықталмаған жерде суға құлаған, үйге жақын маңда өзен бар екен, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барды.
ТЖМ ересектерді қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. Балалардың қауіпсіздігіне көп көңіл бөліп, балаларға қауіпсіздік шаралары туралы айтуды ұсынды. 18 жасқа толмаған балаларға үйден өз бетімен, ересек адамдарсыз шығуға болмайтынын ескертті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?