10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістан облысында полиция заңсыз көші-қон арналарын анықтап, іздеуде жүрген 9 шетелдікті ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, биыл Түркістан облысы Полиция департаментінің жедел қызметінің полицейлері бірқатар қылмыстық топ пен заңсыз көші-қон арналарының жолын кесіп, іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады. Нақтырақ айтсақ, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы шетелдіктерге мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, құжаттарды қолдан жасау арқылы көмек көрсеткен адамдар тобын ұстады. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 5 тұрғыны күдікті болып шықты, олардың екеуі бұрын сотталған.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ көрші мемлекеттің 10 азаматына шекарадан өтуге көмектескен Сарыағаш ауданының екі тұрғыны анықталды. Ұсталған шетелдіктер көші-қон заңын өрескел бұзған. Сонымен қатар биыл облыс департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы көрші мемлекеттер іздеген 9 қылмысқа күдікті қылмыскерлерді ұстады. 3 шетелдікке қатысты Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана кесіп өту фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген мәліметте.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді