Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТүркістан облысында жалған кепілдіктер рәсімдеу арқылы 1,9 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған қылмыстық топ "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі қара мал сатып алуға арналған субсидиялауға бөлінген жеңілдетілген кредиттерді алаяқтық жолмен алғаны анықталып отыр.
Ол үшін Кентау қаласында "Яссы-кредит НС " Кредиттік серіктестігі" ЖШС құрылып, іс жүзінде жоқ "Expert Consulting Group" ЖШС атынан жалған құжаттар мен мүлікті бағалаулардың жалған актілерін пайдаланған. Мемлекеттік несие алу өтінімдерін қарау жөніндегі комиссияның төрағасы болып қызмет атқарған ұйымдастырушы қылмыстық схеманы әзірлеп, қатысушылардың әрекеттерін үйлестірген", - деп жазылған қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәліметте.
Тексеру кезінде қылмыстық топтың жетекшісі әлеуетті қатысушыларды іздеп, олардың рөлдерін бөліп, жалған несиелер рәсімдеу процесін бақылағаны белгілі болды.
Сондай-ақ құжаттарды рәсімдеу үшін жеке тұлғаларды іздеуге нұсқау беріп отырған және бұрмаланған салыстыру актілерін жасауға қатысып, ай сайынғы төлемдерге бақылау жасаған. Ал жымқырылған қаражат топ мүшелері арасында бөлініп отырған", - деп мәлімдеді агенттіктің баспасөз қызметі.
2 млрд теңге жымқырды деп айыпталған Ққылмыстық іс бойынша 27 адам күдікке ілінген.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары