Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікПолицейлер Түркістан облысында ауыр қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
5 тамызда екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткен көрінеді.
Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан қайтыс болған. Сондай-ақ, құрылысқа көмектескен екі ер адам оқ жарақатын алғаны анықталып отыр. Олар бірден ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. "Ұстап алу" жоспары қабылданды. Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталып жатыр. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында, - деп жазылған ІІМ-нің ақпаратында.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері құпия ұсталады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер