30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТүркістан облысында браконьерлерден мың метрден астам «қытай торы» тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Браконьерліктің алдын алу, болған қылмыстарды анықтау бағытында Шардара ауданында 2 тәулік бойы рейд жүргізілді. Онда Түркістан облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау инспекторлары, Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, прокуратура, Арал – Сырдария бассейндік балық инспекциясы мен Балық су қорғау инспекторлары бірлесіп, тексеру жүргізді. Нәтижесінде жұмысшы топпен 1 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Нақтырақ айтсақ, Шардара су қоймасының бойынан 25 жастағы тұрғын рұқсат етілмеген ау-торымен заңсыз балық аулап жүрген жерінен анықталды.
Тексеру кезінде жас жігіттен 103 келі балық алынды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) бойынша тергеу жүргізілуде. Жалпы браконьерлерден 115 келі балық, 3 дана үрмелі қайық, 1265 метр «қытай торы» тәркіленді. Одан бөлек Шардара су қоймасында қалып қойған 6 мың метрге жуық «қытай торлары» табылып, тазартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар тәртіп сақшыларымен жалғаса береді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды