20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысында бір әулеттің 5 адамы бірдей ауыр жаза арқалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қанды қылмыс былтыр тамыз айында Арыс қаласында болған. Жер үйдің ауласында демалып отырған жігіттерді бетін тұмшалаған екі жендет қарумен атып кеткен.
Оқиға орнында бокстан бұрынғы облыс чемпионы, «Черный Алмас» лақап атымен танымал Алмас Жолдасов пен 23 жасар Жандаулет Қабылов көз жұмды. Жарақат алған тағы екі адам ауруханаға жеткізілген. Жараланғандардың бірі полиция қызметкері екен.
Көп ұзамай 53 және 25 жастағы жалдамалы жендеттер ұсталды. Олар тіпті адам өлтіруге тапсырысты кім бергенін де айтып берген. «Черный Алмас» сотталушылардың туысын өлтірген екен. Кек қайтару үшін жиналған бір әулеттің жігіттері екі туысын дайындап, қаруына дейін сайлап берген.
Кісі өлтірген ағайындылардың екеуі 20 жылға, ал 24, 26 және 20 жастағы қылмысты ұйымдастырушылар 25 жылға сотталды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?