Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Түркістан облысында Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Ауылдағы бір күнім» байқауы басталды. Додада 13 команда бақ сынауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жобаның басты мақсаты – жастар арасында қазақтың төл мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттау, рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту.
Байқау Қазығұрт ауданындағы тұмса табиғат аясында өтіп жатыр. Қатысушыларға әсерлі болуы үшін этно-ауыл құрылған.
Жігіттер садақ ату, арқан тарту сияқты ұлттық ойындарда бақ сынайды. Қыздар аспаздық қабілеттерін көрсетеді. Олар құрт пен ет қамырын жайып, үлкендердің бағасын алады.
Соңғы кезеңде зияткерлік ойын ұйымдастырылады. Сайысқа қатысушыларға Қазақстанның мәдениеті мен тарихы туралы сұрақтар қойылады.
Жүлдегер командалар ақшалай сыйлықтарға ие болады. Айта кетейік, «Ауылдағы бір күнім» байқауы алғаш рет 2023 жылы өтті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?