Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысы Сауран ауданындағы Құмтүйін ауылының тұрғындары мұқтаж отбасыға баспана салып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1987 жылы туған азаматтардың бастамасымен үй тұрғызылған. Баспана ауылдағы мүгедектігі бар Бектұрғановтар отбасына берілді.
Бұл қайырымдылық іске ауылдың белсенді жастары мен жеке кәсіпкерлер бірлесіп ұйымдастырған. Айтулы шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаты Сәбит Рысбеков, Қарашық ауылдық округінің әкімі Сәкен Оразбаев, ауыл ақсақалы Ырысбай Айтуғанов мен тұрғындар қатысты.
Игілікті шарада аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, ауылдың ақсақалы Ырысбай Айтуғанов сөз сөйлеп, сауапты іске ұйытқы болған барша жандарға алғыстарын білдірді. Сонымен қатар аудан басшысы мұқтаж жандарға баспана салып, тарту еткен азаматтарға Алғыс хат табыстады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?