Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысы Келес ауданында сегізінші сыныптың оқушысы жүкті болып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
14 жастағы қыздың құрсағында сәбиі бар екенін білген анасы полицияға шағымданыпты. Қазір кәмелет жасына толмаған жеткіншекті зорлады деген күдікпен 37 жастағы азамат ұсталды. Ол жәбірленушінің көршісінің үйіне келіп жүрген адам екен.
Анасы сегізінші сыныпта оқитын қызының іші шығып кеткенін байқап, ауруханаға жетектеп апарғанын айтады.
Іші өсіп жатты. Қатты семірді. Тексеруге апарсам жүкті деді. Содан білдім. Зорлық-зомбылық қылған. Зорлаған. Жаңағы Азат деген. Мама зорлады сіз жоқ кезде деп. Қорқытқан ғой қатты. Өлтіремін айтатын болсаң деп, – дейді жәбірленушінің анасы Айнұр.
Кәмелет жасына толмаған қыз жеті ай бойы құрсағында сәбиі бар екенін ешкімге айтпаған.иТіпті, мектепке барып, сабақ оқып жүріпті. Аудандық білім бөлімінің өкілдері жәбір көрген оқушыға дағдарыс орталығының мамандары көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
Қазіржасөспірім дағдарыс орталығына уақытша орналастырылды. Оған қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Сондай-ақ аудандық полиция бөлімі тарапынан тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – дейді Түркістан облыстық білім бөлімі.
Бұл іс бойынша оқушының көршісінің үйіне келіп жүретін 37 жастағы азамат қамауға алынды. Екі баласы бар күдікті әпкесінің баспанасына жатып, қара жұмыспен нәпақа тапқан дейді туыстары.
Қазір полиция сот-медициналық сараптамасын тағайындап, тергеу жүргізуде.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?