20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов облыс тұрғындарына онлайн режимде есеп берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс бойынша 61 ауыл (Дермене, Табысты, Жаңажол, Нұртас, Мәдениет және т.б.) ішімдік сатудан бас тартты. Бұл арақсыз ауылдар құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Аталмыш ауылдарда соңғы бірер жылда қылмыс тіркелмеген, тәртіп пен тыныштық орнаған. Осындай берекелі ауылдар өзгелерге үлгі болуы тиіс, - деп атап өтті М.Қабденов өз баяндамасында.
Сондай-ақ “Заң мен Тәртіп” қағидаты бойынша өңірде атқарылып жатқан профилактикалық іс-шаралар мен ҚР ІІМ Е.Сәденовтің 2025 жылды «Профилактика жылы» деп белгілеуіне байланысты өткізіліп жатқан іс-шараларды тілге тиек етті. Қылмыс деңгейі азайғанын жеткізді.
Мәселен Түркістан облысында 2024 жылы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық саны 3,2 пайызға төмендеген. Ұрлық – 38,7%-ға, мал ұрлығы – 43,7%-ға азайған. Пәтер ұрлығын жасаған 8, алаяқтық қылмыстарын жасаған 23, мал ұрлаумен айналысқан 16 қылмыстық топ ұсталған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?