20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысында құрылыс жұмыстарының көлемі биыл 343 миллиард теңгеге жетіп, өсім 131 пайызды құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, аудан, қалаларда арендалық және ипотекалық баспаналар салынуда. Нәтижесінде кезекте тұрған 5 мыңнан аса отбасының баспана мәселесі шешілмек. Сонымен бірге әлеуметтік нысандар жұмысы қарқынды.
Облыста демографиялық өсім жоғары. Қосымша 35 мың оқушы орынға тапшылық бар. Аталған мәселені шешу мақсатында биыл 50 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр, – деді Дархан Сатыбалды.
Мектептердің 29-ы "Жайлы мектеп" жобасы аясында соғылуда. Нәтижесінде мектептегі орын тапшылығы мен 4 апатты, 3 үш ауысымды мектептер мәселесі шешілмек. Биыл алғашқы рет көптен бері жөндеу көрмеген 300-ден астам мектептерге жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 193 мектеп ағымдағы жөндеуден өтсе, 107 мектептің жылыту жүйесі газға ауыстырылды. 16 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бұл мақсатқа бюджетті үнемдей отырып, 12 миллиард теңгеден астам қаражатты бағытталған. 330 мектеп жоғары жылдамдықты "Starlink" спутниктік интернет технологиясымен қамтылды.
Өңірімізде "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 49 нысан салынып жатыр. Бұдан бөлек 4 ауруханаға күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Сонымен қатар, мәдениет, спорт және өзге де әлеуметтік нысандар салынып жатыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?