19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Түркістан облысында 4-жасар Бақыт Айбар Алдиярұлын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Бала 1 желтоқсан күні кешке ойнауға шығып, із-түзсіз кеткен.
Полицейлер іздестіру жұмыстарын тәуліктеп жалғастыруда. Көмекке волонтерлер, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен ұлттық ұлан сарбаздары тартылды. Сондай-ақ дрон құрылғысы мен иісшіл иттер жұмылдырылды.
Жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге таратылды.
«Бақыт Айбар Алдиярұлы 2019 жылы туған. Бойы 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім (галош) болған. Көрген-білген адамдар болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666, +77026376600, +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз», - делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінде.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары