Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістан облыстық №1 перинаталды орталығында өткен жылдың 30 тамызында 26 апталық кезеңде нәресте дүниеге келген болатын. Дәрігерлердің арқасында шала туған сәби аман қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сәбидің салмағы 785 грамм, бойы 32 сантиметр болып туған. Бастапқы кезде оның жағдайы өте ауыр болған. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған шақалаққа алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Ағзаларының толық дамымауына байланысты нәресте жансақтау бөлімінде толық емін алып шықты.
Туғаннан кейін нәресте СРАР аппаратында тұрақтандырылды. 2 сағаттан кейін нәрестелердің қарқынды емдеу бөліміне ауыстырылды. Сәби ҚР ДСМ хаттамасына сәйкес ем қабылдап, бір айдан кейін салмағы 1100 граммға толып, нәрестелердің жоғары тәуелді бөліміне ауыстырылды. Екі айдан кейін өздігінен тыныс алды. Ары қарай нәрестеге толық күтім жасалып, 4 ай 23 тәулігінде 4500 грамм салмақпен перзентханадан шығарылды, - дейді №1 облыстық перинаталды орталығының дәрігері Анель Тасполатқызы.
Қазіргі таңда ана мен баланың өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Бала өздігінен дем алуда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді