Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«НеМолчи» қоры Түркістан облысында орын алған жантүршігерлік оқиға туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қордың мәліметінше, 16 жастағы қыз бірнеше адам тарапынан зорланып, артынша өлтірілген. Бұл жағдай 6 маусымында Төрткүл ауылында болғаны айтылған.
Қоғам белсенділері бұл деректі шұғыл желіге түскен анонимді телефон қоңырауы арқылы алған. Белгісіз тұлға қоңырау кезінде болған оқиғаның барлық егжей-тегжейін баяндап бергенімен, қор әзірге тек басты мәліметтерді ғана жариялаған. Айтуларынша, марқұм қыз өз отбасының дүкенінде жұмыс істеп жүрген, оқиға сол жерден үйіне қайтып бара жатқанда болған. Күдіктілердің шетелдік еңбек мигранттары болуы мүмкін деген де мәлімет келтірілген.
Оқи отырыңыздар:
Полиция ақпаратты растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Алайда тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның басқа да мән-жайлары, соның ішінде зорлық-зомбылық фактісі мен күдіктінің жеке басына қатысты ақпарат әзірге жария етілмей отыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?