20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Түркістан облысындағы күрделі жөндеуден өтетін мектептер бойынша Премьер-министрдің орынбасарына депутаттық сауал жолдаған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысындағы жобалық сметалық құжаттары дайын 51 мектепті күрделі жөндеуден өткізу және 70 мектепке жобалық сметалық құжаттар дайындау үшін республикалық бюджеттен қаржы қарастыру өзекті екенін айтты.
Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларына сәйкес, ауылдарда және қалаларда 3 және одан да көп ауысымды оқыту және оқушылар орындарының тапшылығы проблемасын шешетін апатты жай-күйде тұрған, бұзуға жататын мектептердің орнына қуаттылығы 300 және одан да көп, ал республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға іргелес елді мекендерде қуаттылығы 300-ден төмен жалпы білім беру мектептерін салуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және жаңғыртуға арналған шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Нәтижесінде Түркістан облысының мектептеріне жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және күрделі жөндеу жүргізу жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады, – деп жауап берді Т.Дүйсенова.
Сондай-ақ вице-премьер Түркістан облысының әкімдігі 121 мектепке күрделі жөндеу жүргізу мәселелерін жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен шешетінін хабарлады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?