22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыКешеден осындамын. Сарыағаштағы жағдайды ести сала түнделетіп жолға шығып кеттік. Бір жағынан бес жасар қызды ойлап жүрек езілсе, екінші жағынан «қылмыскерді жазалаймыз» деп, «тепсе темір үзетін жігіттеріміз ашумен қателік жасап қояр ма екен» деген уайым бір сәт қарап отыруға мұрша бермеді. Облыс прокуроры М. Тілеубердиев, Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы М. Қабденов, ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т. Мелдешов, облыс әкімінің орынбасары Н. Көшеров осында. Жағдайды ушықтырмай, тұрақтандыру бағытында бірлесіп жұмыс жүргіздік. Пышақ жарақаттарынан қайтыс болған қыздың денесі сот-медициналық сараптамадан өткеннен кейін бүгін, яғни 14 шілде күні жер қойнына тапсырылды. Қылмысқа қатысты күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тұрақтылықты бүлдіретін берекесіздіктер болған жоқ. Бүлдіршіннің отбасына көңіл айттық, қиын сәтте жандарында демеу болуға тырыстық. Кез-келген қазалы үйде ағайын туыстар жиналады, ол қалыпты. Дегенмен қайғыдан қара жамылған отбасы мүшелері, ағайын-туысы, ауылдың бірқатар азаматтары заңның орындалуын, қатаң шара көруін, ешқандай жеңілдік берілмеуін талап етті, наразылықтарын айтты. Елді ұстамдылыққа шақырып, барлық мәселенің заң аясында шешімін табатынын құзырлы орган басшыларымен бірге мәлімдедік, - деді Бейсен Тәжібаев.
Расында, соттылығы бар, пробациядағы адамдарға қадағалаушы органдардан қырағылық қажет. Түрлі қылмыстар орын алғанда қылмыскерлер жеңіл жазамен құтылып кете берсе елдің наразылығы тереңдеп, заңның орындалуына деген сенімсіздігі арта береді. Әсіресе шекаралық ауылдарға, «Жібек жолы» сияқты тоғыз жолдың торабына айналған елді-мекендердегі тәртіпке айрықша көңіл бөлу өзекті болып отыр. «Қылмыскердің ұлты болмайды» дегендей, мұндай жайтта да дауға ілік іздейтіндер әркездеде табылады. Шындығында оған ешқандай себеп жоқ. Қылмыстың өтеуі жаза болса, қылмыскер қатаң жазаға тартылуы тиіс. Ауылдағы ағайынның да талап етіп отырғаны осы, - деді Б.Тәжібаев.
"Күдіктіге қатысты қолданыстағы заңнамалар шеңберінде тиісті тергеу, қатаң жазалау шаралар жүргізілетін болады" деп түйіндеді облыс әкімінің орынбасары өз жазбасында.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев