Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлдағы екі жылда Түркістан облысында 81 және Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жұмыстарды 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі осы нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр.
Монтаждау жұмыстары аяқталып, ақпараттық жүйелер дайын болғаннан кейін барлық каналдан жиналатын деректерді Су ресурстарының Ұлттық ақпараттық жүйесіне интеграциялау жоспарда бар. Бұл суды қабылдау көлемдерін талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы кем дегенде 3500 км суару каналдарын цифрландыруды тапсырды. Қазіргі таңда бұл жұмыс Қызылорда облысында да жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру суды тиімді пайдалануға, оны есепке алудың дәлдігін арттыруға және шығындарды азайтуға септігін тигізеді, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер