20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) бейресми Саммиті қарсаңында өткен ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға қатысушылар Ұйымның қызметін жетілдіру және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Көлік, логистика, коммуникация және климаттық өзгерістерге қарсы күрес сияқты салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы аталып өтті.
ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы М.Нұртілеу өз сөзінде Қазақстанның «TURKTIME!» ұранымен өтіп жатқан 2023-2024 жылдардағы ТМҰ-дағы төрағалығы туралы айтып берды. Ол сондай-ақ біздің еліміздің Ұйымды одан әрі дамыту және оның әлемдік аренадағы беделін нығайту жөніндегі көзқарасын белгіледі.
Отырыс қорытындысы бойынша Мажарстандағы ТМҰ Өкілдік Кеңсесінің Атқарушы директорын тағайындау туралы шешім қабылданды, сондай-ақ ТМҰ Мемлекет басшылары Кеңесінің алдағы отырысы барысында қол қойылатын құжаттар бекітілді.
Түркі мемлекеттерінің ұйымы Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы Нахчыван қаласында (Әзербайжан) құрылды. ТМҰ хатшылығы Стамбул қаласында (Түркия) орналасқан. Қазіргі уақытта ұйымға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Мажарстан мен Түрікменстанның бақылаушы мәртебесі бар.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?