20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТуризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев боксшы Жәнібек Әлімханұлынан допинг табылған жағдайға байланысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазір министрлік Жәнібек Әлімханұлының командасымен байланыс орнатқан. Өкінішке орай, допингке қарсы бақылау мельдонийді анықтағандықтан, жекпе-жек өтпейді. Дегенмен, Жәнібектің өзі допинг қолданбағанына сенеміз. Оның ағзасына қосымша зат қалай түскенін допингке қарсы ұйым анықтауы қажет, - деді вице-министр.
Серік Жарасбаев барлық қорытындыны асықпай, тексеру рәсімдері толық аяқталған соң айту керектігін ескертті.
Министрлік бұл мәселеден тыс қалмайды. Қолдау көрсетуге дайынбыз. Қажет болса, халықаралық сарапшыларды тартып, құқықтық баға беруге болады. Қазір бұл жағдайға қатысты әртүрлі болжамдар бар, бірақ нақты жауапты ресми ақпарат шыққаннан кейін ғана беруге болады. Сонымен қатар, әр спортшының өзін қорғау мүмкіндігі бар, командасына біздің тараптан көмек қажет болса, қолдау көрсетеміз, - деді Серік Жарасбаев.
Осылайша, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен WBA чемпионы Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) арасындағы басты жекпе-жек ресми түрде өтпейтін болды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?