Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОсы жылдың қаңтар-мамыр айларында туризм саласындағы негізгі капиталға қосылған инвестиция көлемі өскені байқалады. Осы кезеңде көрсеткіш 271,2 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. 2023 жылы инвестиция көлемі 130,1 млрд теңгені құраған.
Туризм саласындағы негізгі капиталға қосылған инвестиция көлемі 14 бағыт бойынша бағаланады. Оларға өнер, тамақтану, ойын-сауық, демалыс және жатын орындары, көлік, кітапханалар, мұрағаттар мен мұражайлар, жалға беру қызметтері, туристік бизнес, спорт және демалыс ұйымдастыратын мекемелер кіреді.
9 облыста инвестиция көлемінің артқаны анықталды. Астана, Алматы қалаларында, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында көрсеткіштің айтарлықтай өскені белгілі болды.
Бұл көрсеткіштер туризм саласының инвесторлар үшін тартымды бола түскенін дәлелдейді. Біз саланы одан әрі дамытып, оған капитал тарту үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастырамыз, - деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?