20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов туризм ел экономикасының өсуіне жаңа серпін беретін салаға айналуы қажеттігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысы Қазақстандағы туризмнің даму әлеуеті өте жоғары екенін, соңғы бес жылда
туристер саны 7,5 есе өскенін айтты.
Былтыр елімізге 15 млн-нан астам адам саяхаттап келді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы салада ірі инвестициялық жобалар қолға алынды. Алматы қаласы мен Алматы облысында тау кластерін дамыту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Шығыс Қазақстан – тау шаңғысы мен табиғи туризмді дамытуға қолайлы өңір. Щучинск-Бурабай курорттық аймағында жыл бойы жұмыс істейтін туристік объектілер құруға, сондай-ақ экологиялық және спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, – деді премьер-министр.
Бұдан өзге Ақтау маңындағы «Жылы жағажай» аумағында бес жұлдызды қонақ үй мен тақырыптық ойын-сауық паркін салу жобалары іске асырылғанын атап өтті.
Осы өңірдегі Кендірлі курорттық аймағында әуежай салынып, туризмді дамытуға тың серпін берілетін болады. Үкімет инвесторларға барынша қолдау көрсетіп, туындайтын мәселелерді шешуге қашан да әзір, – деді премьер-министр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?