Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарСыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Түркияның жетекші логистикалық компанияларының бірі – «S Sistem Lojistik» басқарма төрағасы Хүсейин Барлинмен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесу барысында Қазақстан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, оның ішінде жалпы құны шамамен 100 млн АҚШ долларын құрайтын заманауи логистикалық және қойма терминалдары желісін салу мәселелері талқыланған. Нысандарды орналастыру үшін басым алаңдар ретінде Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау және басқа да ірі орталықтар қарастырылып отыр.
Тараптар сондай-ақ инвестициялық келісімшарт пен арнайы инвестициялық келісім жасасу мүмкіндігін талқылады. Бұл құжаттар мемлекеттік қолдау шараларын, салықтық преференцияларды және инфрақұрылымдық сүйемелдеуді қарастырады.
Ғ.Оспанқұлов жоспарланған жобалардың елдің көлік және логистикалық әлеуетін дамыту үшін маңыздылығын атады.
Бүгінде Қазақстан логистикалық инфрақұрылымын белсенді дамыту кезеңінде тұр. «S Sistem Lojistik» компаниясының ұсынып отырған жобалары ішкі және транзиттік тасымалдарды тиімді ету үшін аса маңызды. Біз логистиканы инвестиция тартудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырамыз, әсіресе экономиканы әртараптандыру және Қазақстанның Еуразиядағы көлік хабы ретіндегі рөлін нығайту тұрғысынан. Өз тарапымыздан біз жобаны жан-жақты қолдауға, жер учаскелерін бөлу, мемлекеттік қолдау шараларына қосылу, сондай-ақ өңірлік әкімдіктермен және салалық органдармен өзара іс-қимылды үйлестіруге дайынбыз. Ынтымақтастық логистика мен өнеркәсіптік кооперация саласындағы Қазақстан мен Түркия арасындағы табысты серіктестіктің үлгісі болады деп сенемін, - деді ол.
Өз кезегінде Х.Барлин Қазақстанға стратегиялық бағыт ретінде үлкен қызығушылық танытты. Оның айтуынша, ел бірегей транзиттік әлеуетке және логистикалық жобаларды дамытуға қолайлы инвестициялық ортаға ие.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жұмыс координациясын жалғастыруға және тиісті мемлекеттік институттармен, өңірлік әкімдіктермен өзара әрекеттесуге келісті.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?