Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда жыл сайын тұрғын үй сатып алуға деген қызығушылық үшінші ай қатарынан төмендеп келеді. Бұл туралы LS-ге слтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов басылымға берген сұхбатында тоқыраудың жылжымайтын мүлік нарығына қалай әсер ететіндігін айтқан.
Наурыз айында үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64,2% төмендеді, ақпан айында бұл көрсеткіш 48,2%, қаңтарда 27,7% құрады. Осылайша теріс динамиканың өсуі байқалады.
Бұл ретте бір айда қайталама тұрғын үйдің бағасы бір шаршы метр үшін 0,7% – 513,5 мың теңгеге дейін төмендеді, ал жаңа тұрғын үйге бір шаршы метр үшін 1,2% – 489,2 мың теңгеге дейін қымбаттады.
Осыған байланысты Мүсірепов тоқырау қолжетімді ипотекалық бағдарламалардың азаюымен байланысты екенін айтты.
Бүгінгі таңда бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алуға несие беруде үлкен проблема бар. Банктердегі берілетін ипотеканың жоғары пайыздық мөлшерлемелері қолжетімді емес. Әрбір қазақстандық нарықта ұсынылған шарттарға қол жеткізе алмайды. Нәтижесінде құрылыс салушыларда сатылым тоқтап тұр, - деп түсіндірді ол.
Мүсірепов Қазақстанда «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы шектеліп, бағаның өсуіне түрткі болғанын айтты. Нәтижесінде тұрғын үй сатып алғысы келетіндер түнде банктерден кезек алуда, бірақ сұраныс әлі де қанағаттандырылмай тұр.
Ол тұрғын үй нарығындағы тоқырау қазақстандықтарға қолжетімді ипотекалық өнім пайда болғанға дейін жалғасады деп болжады. Соның нәтижесінде кейбір құрылыс компаниялары жабылуы мүмкін, әсіресе нүктелі құрылыспен айналысатындар.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?