Тұмаудан қалай сақтанамыз?

18 Қаңтар 2017, 11:30 9287

Керек кеңес

Бүгін сіздерге тұмаудың алдын алатын ең қарапайым тәсілдер туралы айтамыз.

  1. Салқын тиіп ауырмас үшін әрқашан жылы киініп, дәрумендер ішіп, тұмаудың алғашқы белгілері байқалғаннан-ақ вирусқа қарсы дәрілер ішіңіз.
  2. Әдетте вирус мұрынның шырышты қабығы арқылы кіретін болғандықтан, мұрныңыздың ішкі жағына оксолин, вазелин немесе арнайы бальзам жағып қойыңыз.
  3. Адамдар көп жиналған жерден аулақтау жүруге тырысыңыз. Қоғамдық орындарға барып келген соң, қолыңызды жақсылап жуыңыз. Аузыңызды әртүрлі емдік шөптердің тұнбасымен, ал, мұрныңызды тұзды сумен шайыңыз. Сыртта жүргенде бет, көз, ерін, мұрныңызды ұстамағаныңыз абзал. Өйткені, қолыңызда әлдекімнен жұққан микробтар болуы мүмкін.
  4. Бөлмені жиі желдетіп тұрыңыз. Себебі, тұмау таза ауадан «қорқады».
  5. Сіз осы ережелердің бәрін сақтаған күннің өзінде жаныңда жүрген адамдар тұмауратып жүрсе не істеу керек? Мүмкіндігінше тұмауратып жүрген адаммен ұзақ сөйлеспеуге тырысыңыз. Өзіңізбен бірге самырсын, жусан майлары сіңген беторамал алып жүріңіз. Олар микробтарды өлтіруге көмектеседі.

Тұмауға шалдықпас үшін не жеген дұрыс?

Бөлісу: