Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауына жаңа номинациялар қосылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Байқауға биыл жаңа номинациялар қосылып отыр. Биыл әріптестеріміз алғаш рет «Үздік журналистік зерттеу» және «Үздік спорт комментаторы» номинациялары бойынша өз бағын сынай алады. Сондай-ақ «Үздік деректі фильм» аталымы белгілі жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия майталманы Камал Смайылов ағамыздың атына берілсе, Қазақстандық тұңғыш телевизия аниматоры, суретші, кинорежиссер Әмен Қайдаров атындағы арнайы премия «Үздік анимациялық фильм» деп аталады, - деп жазды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді