23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТуберкулез - қауіпті инфекциялық ауру. Онда әртүрлі ағзаларға (өкпе, бүйрек, ішек, сүйектер мен буындар, ми қабықтары) әсер етеді. Қауіпті дерт туралы El.kz ақпарат агенттігі арнайы мамандардың кеңесін назарларыңызға ұсынады.
Адамдар туберкулезді қалай жұқтыруы мүмкін?
– туберкулезбен ауыратын адаммен сөйлескен уақытта жөтелген кезде (ең қауіпті фактор - науқастың қақырығы, қолайсыз әлеуметтік жағдайларда иммунитеттің төмендеуі, дұрыс тамақтанбау, стресс, алкоголизм, темекі шегу, нашақорлық),түшкіру, әңгімелесу кезінде (тері, шырышты қабық, жоғарғы тыныс жолдары арқылы), сондай-ақ ананың құрсағындағы ұрықтың жұқтыруы;
- ауру жануарлардың сүт өнімдерін жеген кезде.
Туберкулез ауруының белгілері:
- жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, ұзаққа созылған жөтел және дене температурасының 37 және 37,5ᵒС дейін көтерілуі, түнде терлеу, аз жүктеме кезінде ентігу, қан түкіру.
Негізгі ескерту шаралары:
Жыл сайын дәрігерге бару, флюрографиядан өту, балаларды БЦЖ вакцинациялау, денені қатайту, спортпен шұғылдану, дұрыс калориялы, байытылған тамақтану, еңбек пен демалыстың ұтымды режимі, жаман әдеттерден бас тарту, гигиена ережелерін сақтау.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады