Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАқмола облысы Целиноград ауданында времянка өртенді. Оқиға Қоянды ауылында 6 наурыз кешкі уақытта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
101 пультіне өрт туралы сағат 17-59-да хабрлама келіп түскен. Қызыл жалын времянканың 200 шаршы метр аумағын шарпып үлгерген. Сонымен қатар өрт оның жанындағы шаруашылық құрылыстың шатырына өткен.
ТЖМ мәліметінше, өрт сағат 19.55-де оқшауланды. Оны сөндіруге Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 4 құтқарушы және 1 техникасы, Астана қалалық ТЖД жеке құрамынан 17 құтқарушы және 4 техника жұмылдырылды.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс