20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ирандағы Фордо, Натанз және Исфахан қалаларында орналасқан үш ядролық нысанаға америкалық әуе күштері соққы жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол 21 маусым, сенбі күні Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Трамптың айтуынша, АҚШ әскери-әуе күштерінің ұшақтары Иран әуе кеңістігінен шығып кеткен.
Біз Ирандағы үш ядролық нысана – Фордо, Натанз және Исфаханға өте сәтті соққы жасадық. Барлық ұшақтар қазір Иран әуе кеңістігінен тыс жерде, – деп жазды ол.
Фордо нысанына толық бомба жүктемесі тасталды. Барлық ұшақтар сәтті оралуда. Біздің керемет америкалық жауынгерлерімізді құттықтаймын. Бұл әрекетті жүзеге асыра алатын басқа армия жоқ. БЕЙБІТШІЛІК УАҚЫТЫ ТУДЫ! – деп толықтырды Трамп.
Truth Social парақшасында жарияланған тағы бір жазбасында ол: «Бұл Америка Құрама Штаттары, Израиль және бүкіл әлем үшін тарихи сәт» екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Трамп Иран «енді бұл соғысты тоқтатуға келісуі керек» деді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?