10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балаларға арналған мультфильм ретінде ұсынылған деструктивті контентке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті интернет кеңістігінде сырт көзге балаларға арналған контент ретінде көрінетін, алайда мазмұнында жасырын деструктивті ақпарат бар мультфильмдердің таралуына алаңдаушылық білдіреді. Мұндай видеолар арқылы балаларға адамгершілік құндылықтарға кері әсер етіп қана қоймай, агрессивті мінез-құлықтың қалыптасуына да ықпал етуі мүмкін бұрмаланған ақпараттар ұсынылуда.
Қазіргі таңда ақпараттық кеңістікте айтарлықтай өзгерістер орын алуда: жаңа платформалар пайда болып, ақпарат тарату форматы да өзгеріп келеді. Бұл жағдай, әсіресе балалардың психоэмоционалдық саулығы үшін қосымша тәуекелдер тудырады. Осыған байланысты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қазіргі цифрлық жағдайларды ескере отырып, заңнамалық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауда, - делінген ақпаратта.
Аталған ұсыныстар тиісті шаралар қабылдау мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне жолданды.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың әлеуметтік желілерде қандай контент көріп жүргеніне, кімдермен қарым-қатынаста екеніне және интернетте қандай тақырыптарды талқылайтынына ерекше назар аударыңыз. Баламен үнемі ашық сөйлесіп, оның сыни ойлау қабілетін дамытыңыз және зиянды ақпаратқа қарсы тұра алатындай дағдыларды қалыптастырыңыз. Егер күмәнді немесе күдікті контентті байқасаңыз — бұл туралы бірден құзырлы органдарға хабарлаңыз. Саналы ата-ана ретінде балаңыздың өміріне белсенді араласуыңыз — оның цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігінің басты кепілі, - делінген Балалардың құқықтарын қорғау комитеті таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін «Тралалело Тралала» кейіпкерінің мағынасы туралы толық жазған едік. KnowYourMeme сайтында келтірілген мәтінде бұл кейіпкердің әніндегі мәтінде былай деп жазылған:
«Trallallero Trallalla, құдайды және Алланы балағаттаймын. Мен ақымақ баламмен Fortnite ойнап отыр едім, кенеттен әжем — Орнелла Леккакаппелла келіп, Бургер деген ақымақтың бізді кешкі асқа шақырғанын айтты...»
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді