20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖыл сайын күз бен қысқы кезеңде су айдындарындағы мұз адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Осыған орай Астана қаласының ТЖД тұрғындарға мұздағы қауіпсіздікті сақтау туралы еске салады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су айдындарында азаматтардың қаза болуына және жарақаттануына жол бермеу мақсатында ведомство қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарына мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды қатаң ұсынады.
Атап айтар болсақ:
- мұздың жұқа жерлеріне шықпаңыз;
- мұздың кей бөліктерінде топталып жиналмаңыз;
- қараңғыда және көріну нашар кезде мұзға шықпаңыз;
- шектеулі аумақта екіден артық ойық жасамаңыз және от жағуға болмайды;
- балаларды ересектердің қарауынсыз мұзға шығуына жол бермеңіз.
Мұзда балық аулау кезінде өзімен бірге жеке құтқару құралдары болуы тиіс. Олар: ысқырық, құтқару шильці, құтқару кеудешесі, диаметрі кемінде 11 миллиметр, ұзындығы кемінде 12 метр арқан, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон,-деп атап өтті ТЖД.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?