10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТЖ вице-министрі Серік Төленбергенов Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында өңірдің ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында кеңес өткізіп, өндірістік объектілердегі авариялар мен оқиғалардың алдын алу, кеніштерде позициялау жүйесінің бар-жоғын бақылау, өнеркәсіпте цифрлық технологияларды қолдану, өндіріс қауіпсіздігі бойынша заманауи шешімдерді енгізу мәселелері талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министр ШҚО ТЖД бастығымен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен және Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының басшылығымен бірлесіп облыстың бірқатар өнеркәсіптік нысандарын аралап шықты.
Сондай-ақ «Қазмырыш» ЖШС Шығыс Қазақстан тау-кен байыту кешенін алқап кенішіне барды, онда кен өндіру процестері бүкіл ТМД бойынша жалғыз «Rail veyor» көлік жүйесімен бақыланатын өндіріс басқармасының орталығымен танысты. ҚР ТЖ вице-министрі қауіпсіздік мониторингі жүйесін, шахтадағы басты желдету қондырғысының жұмысын, бетон-толтырымдық кешеннің жұмысын, үйінді астында іздеу жүйесін және персонал мен өздігінен жүретін жабдықты жақындастыру жүйесін зерделеді.
Серік Төленбергенов жұмыс сапарының аясында кәсіпорындардағы жарақаттанудың алдын алу, инциденттер мен авариялар қаупін азайту бойынша тапсырмалар бергені мәлім болды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді