Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТөтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы орман өрті қашан оқшауланып, қай уақытта өшірілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жаңа министрдің сөзінше, жағдай бақылауға алынған, тұрақты. Дегенмен ауа температурасының жоғарылауы мен жел екпініне байланысты өрт тарауы да мүмкін.
Өртті оқшаулау үшін жеткілікті топ құрылды. Жеке құрамнан 1,5 мыңға жуық адам: өрт сөндірушілер, орман шаруашылығының, Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар 300-ге жуық техника мен 12 тікұшақ жұмылдырылған, - деді министр.
Өрт шарпыған аумақ 43 мың гектарды құрайды.
Негізі 60 мыңнан асқан, дегенмен жеке құрам жұмыс істеп жатыр, аумақ қысқартылды. Болжам бар, алдағы бірнеше күнде өртті оқшаулап, сөндіреміз, - деді ол.
Ведомство басшысы өзге өңірлерден жеткен техника да жұмылдырылғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар қою түтінге байланысты екі ауыл тұрғындары эвакуацияланған.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер