Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЖаңадан тағайындалған төтенше жағдайлар министрі аумақтық бөлімшенің жұмысымен танысу мақсатында Шымкент қаласына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар барысында министр Шыңғыс Аринов жаңадан салынған өрт сөндіру депосының, ТЖД әкімшілік ғимаратының жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, қала әкімімен кездесті, онда өңір аумағында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт сөндіру депосын салу мәселелері талқыланды. Министр су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқан «Бадам» өзенінің жағалауын нығайту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын тексерді.
Жеке құраммен кездесу барысында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру депосының материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалануды тапсырды.
Бұдан өзге, ол алдағы су тасқыны кезеңінде болуы мүмкін авариялық жағдайлардың алдын алу үшін шұғыл қызметтер мен жергілікті билік органдарының мұқият дайындығы мен бірлескен үйлесімді жұмысы қажет екенін атап өтіп, тиісті тапсырмалар берді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс