Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматы қалалық соты танымал әнші Төреғали Төреәлі қатысты шешімді шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол есірткіге мас күйінге ұсталғанына байланысты 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды.
«Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында көлік құралдарына зақым келтіруге әкеп соққан есірткіге мас күйінде көлік құралын басқару фактісі бойынша азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот 2023 жылдың 14 маусымында А. мас күйінде көлік жүргізіп, патрульдік көлікке шабуыл жасағанын анықтады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктер механикалық зақым алған»,- делінген хабарламада.
Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді растады және өкінетінін айтты.
«Сот қаулысы бойынша А. ӘҚКо 608-б, 3-б көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оны 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, оған 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды»,- делінген хабарламада.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар