Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБатыс Қазақстан облысы Бисен ауылында жаңа мәдениет үйі бой көтерді. Қуанышты жаңалықты жеткізген кішкентай қыз арманы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бейнежазбада мәдениет үйінің ашылуын асыға күткен балақай Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі сынды әншілердің өнерін тамашалағысы келетінін жеткізді.
Өте әдемі, зәулім, Маған бұрынғы мәдениет үйі ұнамайтын. Ол кішкентай әрі ескі еді. Ағаларымыз қалған жұмыстарын бітірейін деп жатыр. Бір-екі күнде осы мәдениет үйіміз де бітеді. Сосын Төреғали, Қайрат Нұртас ағаларымыз келіп, ән айта екен. Мен солай армандаймын, - дейді кішкентай қыз.
Ал желі қолданушылары Мәдениет үйінің соғылғанына қуанып жүрген қызға тілектерін жазды.
«Жаным сол, ағаларың шақыртуды естісе барады ғой», «Қайрат, Төреш, қайдасыңдар. Балақайдың арманын орындасаңдар», «Балапан ауылының жаңалығын бөлісіп жатыр», «Ағалары естісе барады», «Арманың орындалсын», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді