Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысы Франция елшісі Сильван Гиогені қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісін жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы екіжақты қатынастардың өте белсенді даму кезеңімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен арадағы ынтымақтастықты жан-жақты тереңдетуге ниетті екенін жеткізіп, елші Сильван Гиогенің жауапты қызметіне табыс тіледі.
Кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы уақытта Франция Республикасына жасайтын мемлекеттік сапарының жай-жапсары талқыланды.
Президент аталған сапар Астана мен Париж арасындағы байланыстардың келешегін айқындап, қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?