Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқордада Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді Ақордада қарсы алды. Содан кейін екі ел басшылары ресми делегациялардың құрамын таныстырды. Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады. Одан кейін президенттер отырыс залына қарай бағыт алды. Мемлекеттік сапар аясында бірнеше маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді