Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысы Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссар Йозеф Сикеланы қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының жоғары мәртебелі өкіліне ілтипат білдіре отырып, еліміз маңызды сыртқы экономикалық және инвестициялық серіктес ретінде Ұйыммен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастыққа басымдық беретінін айтты.
Қазақстан Еуропа одағының Орталық Азиядағы негізгі әріптесі болып қала береді. Cеріктестікті кеңейту және ынтымақтастық туралы келісім біздің көпжоспарлы өзара ықпалдастығымызды тереңдетудің берік негізін қалайды, – деді мемлекет басшысы.
Йозеф Сикела Еуропа одағы аймаққа айрықша назар аударып отырғанын атап өтті.
Халықаралық серіктестік жөніндегі комиссар ретінде алғашқы сапарыма баса мән беремін. Орталық Азияның бес еліне келу жөнінде шешім қабылдауым бекер емес. Бұл – Еуропа Одағының Қазақстанмен және аймақтың басқа мемлекеттерімен анағұрлым терең әрі орнықты байланыс орнатуға ниетті екенін айқын көрсетеді, – деді еурокомиссар.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Йозеф Сикела көлік дәліздерін, логистикалық инфрақұрылымды, орнықты энергетика мен цифрлық шешімдерді дамыту бойынша қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жаңа экономикалық жобаларға ден қоя отырып, екіжақты күн тәртібінің нақты мәселелерін талқылады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?