29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алви мен Премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Пешавар қаласындағы мешітте болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.
– Мен пәкістандықтармен бірге барлық дінге, адами наным-сенімге қайшы, ақылға сыйымсыз осы жантүршігерлік зорлық-зомбылық әрекетін қатаң айыптаймын. Терроризмнің кез келген түріне жол беруге және оны ақтауға болмайды. Қазақстан халқының атынан және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Осындай қайғылы сәтте біз Пәкістан халқымен біргеміз, – деп жазылған жеделхатта.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек