Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нидерланд тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларына баса мән бере отырып, екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін қарастырды.
Нидерланд еліміздің экономикасына тікелей инвестиция құю жөнінен бірінші орында тұр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық 26 пайызға артып, 6 миллиард долларға жақындады.
Марк Рютте екі елдің арасындағы қарым-қатынастарға жоғары баға берді. Оның айтуынша, Нидерланд Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктес ретінде қарастырады.
Халықаралық күн тәртібін талқылау аясында Мемлекет басшысы бейбітшілік пен келісім үшін барлық елдің жан-жақты ынтымақтастығын БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сай жолға қою маңызды екенін атап өтті.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды