Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМемлекет басшысы Мысыр президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен мысырлықтарды осы елдің ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.
Қазақстан мен Мысыр арасындағы ортақ рухани құндылықтар мен жан-жақты өзара ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өрісі кеңейгенін зор ризашылықпен атап өтемін. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы серіктестігіміз болашақта да өзінің жалғасын тауып, қарқынды дами беретініне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мысыр халқына құт-береке тіледі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді